kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ЖОМАРТ ЖАНДА ЖЫЛУ БАР

Жомарт жүректі, ізгі ниетті Созақ аудандық мәслихатының депутаты , жеке кәсіпкер Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекұлы өзінің тұрғылықты жері Шолаққорған ауылының жәй жапсарын , тұрмыс тіршілігін көзбен көріп сырына қанық болып өскен азаматтардың қатарынан екендігі ауданға мәлім.

Жамандықты көп қуған,

Бір бәлеге жолығар.

Жақсылықты көп қуған,

Бақ дәулетке молығар демекші

2021 жылдың 27 қаңтар күні Созақ ауданының мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекұлы қолдағы барын өз жерлестерімен бөлісті.

Атап айта кететін болсақ Шолаққорған ауылының аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, асыраушысы жоқ отбасыларға бойларын жылытып , жүректерін жібіту мақсатында Қазақстанның жер қазба байлықтарының бірі болатын қара алтыннан (қатты отын) яғни (көмір) ден (50) елу отбасына (1) бір тоннадан үлестіріп беруді мақсат етті, қазіргі таңда (16) он алты отбасының тұрғылықты мекен жайына жеткізіліп берілді, алдағы уақытта (34) отыз төрт отбасына жеткізіліп берілетін болады.

Отбасыларға қатты отынды үлестіріп таратып беруге әдеттегідей Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған Value волонтёрлар ұйымының жастарыда көмек қолдарын созып қатты отын жеткізілген отбасылардың қақпа алдындағы қарларын аршып жүк көлігінің ішке кіруіне жағдай жасасты.

Сондайақ қатты отын жеткізілген үй иелері Бағлан мырзаға және ауданның ерікті жастарына алғыстарын айтып баталарын берді.

#ЖекеКәсіпкер

#Ерікті

#ЖомартЖүрек

#value

#sozaq_jastary

#еріктілер

#Бағлан_Сүгірбаев