Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДЕШТІ--ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАРАУЫЛ МҰНАРАСЫ

Түркістан облысы Созақ ауданындағы орта ғасыр ескерткіші - Ақсүмбе мұнарасының биік қыр басында, жел өтінде тұрғанына алты ғасырдан асты. "Зафарнамеде" Әмір Темір Көрегеннің 1389-1390 жылдардағы Тоқтамыс ханға қарсы жорықтарын бақылап отыру үшін салынған Қарауыл мұнарасы ретінде айтылады. Яғни ішіне от жағып жаудан хабар беретін әскери-қорғаныс маягы болған. Ақсақ Темір осы жерде шатыр тігіп түнеген. Қаратау сілемдерінің Бетпақдаламен түйісетін тұсында орналасқан осы ескерткішті 2019 жылы күзде барып көргенімде (бірінші сурет) мүжіліп құлауға айналғандай көрінген. Кезінде биіктігі 25 метр, ені 18 метр болған мұнараның мен көргендегі биіктігі 11 метрдей, ені 8 метрдей еді. Былтыр "Қазжөндеу" мемлекеттік мекемесі Сауран топырағынан құйылған қам кесекпен (екінші сурет) сыртынан қоршауды қызу қолға алып еді, міне, биыл бітіріп те қалыпты. Бәрекелді! Автор: Төреғали Тәшенов

Еще по теме

ДЕШТІ--ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАРАУЫЛ МҰНАРАСЫ - Yvision.kz