Жыладым 2
Жас әйел сәбидің сұлулығына қарап елтіп отырады. Сәби өзінің қара шашы, үлкен қарақат көздері, пұшық мұрны және сүйкімді еріндерімен басқа әлемнен келген періште тәрізді. Мұншалықты әдемі сәбиді бұрын-сонды ешбір жерде көрмеген әйел үшін бұл сәби дүниенің ең әдемі сәби болғаны сөзсіз. Әйел кішкентай қыздың бетінен қошарлана сүйіп, иіскеп алғысы келсе: "Маған жақындама!" дегенді естиді. "Мені құшақтауға еш хақың жоқ..." Әйел селт етіп жан-жағына қарайды. Бөлмеде сәби мен өзі ғана, басқа ешкім жоқ. Дауысты қайта естігенде, қорқып бұрылып сәбиге қарайды. Құдайым-ау! Жаңа туған сәби ма сөйлеп тұрған!?"Маған жақындама. қаламаймын" дейді сәби, "тез арада кет қасымнан..." Әйел сәл өзіне келіп: "Балаларымыздың бәрі де ұл" дейді. "Олар да өз бетінше әдемі бірақ қыз балалар бір ерекше сұлу. сондықт…

