Перейти к содержимому

Новое

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Р.Б. Баякеева "Экспромт-кездесу" іс-шарасы аясында мыңдаған жылдардың құпия сырын бауырына бүккен өңіріміздің өткенінен хабар беретін, заттай деректерді халық назарына ұсыну жуапкершілігін өз мойнына алған, Алматы облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Жауынгерлік Даңқ музейіне» барып, экспромт-кездесу өткіздім.

Музейдің басты мақсаты – алдыңғы толқын ағалардың Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері арқылы еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ауданымыздың, еліміздің тарихын хронологиялық жүйелі түрде дәріптеу және насихаттау болып табылады.

Музей қызметкерлері мекеме жарғысында көрсетілгендей әркім өз қызметіне қарай мақсат-міндеттерін негізге ала отырып іске кірісуде.

Жылдан – жылға музейлік маңызы бар материалдар қоры қалыптасып, бұл өлкенің ғасырлар қойнауынан бастау алатын әлі көпке беймәлім болып келген руханият маржандары мен шешуі табылмаған жұмбақтарға толы тарихына сай заттар мен экспонаттар жиналып, хронология бойынша жүйеленді. Мұражай 4 экспозициялық залдар мен мазмұнына қарай бірнеше бөлімдерден тұрады.

Фойе – "Тәуелсіздік шежіресі"

І зал – "Ел ішіндегі атақты Жетісулық батыр бабалар"

ІІ зал - "Қазақ хандығының құрылуы"

III зал - "Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында"

Өне-бойы тарихқа толы туған өлкеміздің кейінгі ұрпағына ата – бабадан қалған рухани құндылықтары жайында шертер сыры мен айтар өнегесі мол екендігі баршаға аян. Осынау қасиетті міндетті мойнына алып отырған «Жауынгерлік Даңқ музейі» өз міндетіне белсене кірісіп көпшілік көңілінен шығуға бар күш жігерлерін жұмсауда.

0
0
197

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

Колледж ұжымымен кездесу

30 наурыз күні Райымбек аудандық маслихат депутаты Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы  Саржаз кәсіптік-техникалық колледж ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған  Райымбек аудандық Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына  қатысты мәселелер қозғалды. Ұстаздардың жеке сұрақтарынада жауап берілді.

0
0
153

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Панфилов аудандық мәслихат депутаты Баякеева Раушан Бердібекқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында Панфилов ауданның құрметті азаматы, ұзақ жылдар бойы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарып, осы саладан зейнеткерлік демалысқа шыққан,

Жақыбай Азат Жапарұлымен канвассинг кездесу өткіздім. Азат Жапарұлының лауазымды қызмет жылдарынан сыр шертісіп, әдемі әңгімелерін тыңдап, ақ батасын алып қайттым.

Ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен Азат Жапарұлына барша аудан жұртшылығы атынан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз!

0
0
186

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

Ұлағатты ұстаздармен кездесу

30 наурыз күні Райымбек аудандық маслихат депутаты Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы  Саржаз ауылының ұстаздарымен кездесті.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған  Райымбек аудандық Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына  қатысты мәселелер қозғалды. Ұстаздардың жеке сұрақтарынада жауап берілді.

0
0
140

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты М.Мұқатай "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Осыған орай, ауданымызда орналасқан Даңқ мұражайына барып экспромт-кездессу өткізді. Кездесу барысынды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланып, сұрақтарға жауап берді.

0
0
138

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Айтмұқаева Бағдат Бейсенқызы "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді.  Кездесу барысында Б.Айтмұқаева галерея ұжымына сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жалпы ауданымыздағы ойып алар өзіндік орны бар бұл галерея, 2004 жылы Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Қылқалам шебері, өнерімен әлемді тамсандырған Ә.Қастеев көркемсуретке оқудың бастауыш дәрісін Н.Хлудовтың жеке студиясынан алған. 55 жылға созылған жемісті шығармашылық еңбегінің нәтижесінде 2000-ға жуық кескіндемелік және графикалық шығармалары дүниеге келді.

Қылқалам шебері Ә.Қастеев 1937 жылы Қазақстан Суретшілер Одағына мүше болса, 1942 жылы оған Қазақ КСР-ның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер құрметті атағы беріледі. 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атанады.

Осындай қазақ халқының біртуар перзенті болған Ә.Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған галерея Жаркент қаласы В.Юлдашев көшесі бойындағы 1880 жылы салынған тарихи ғимаратқа орналастырылды.

Галереяның тұңғыш көрмесі ұлы суретші Әбілхан атаның төл туындыларынан бастау алса, елімізге белгілі халық суретшілері К.Муллашев, Ж.Қайрамбаевтар галереяға жұмыстарын қойғаны бір мәртебе болды әрі ұлы суретшіге құрмет деп есептелді. Еліміздің аумағында тұратын және аттары шетелдерге танымал өзге ұлт суретшілері де жиынтықты көрме жасап, елдің алғысына бөленді.

Галерея ұжымы жергілікті тума таланттар мен өнер адамдарының шығармашылық жұмыстарын елге, келген көрермендерге танытуда тиянақты жұмыстар атқарып келеді. Әр ауылдық округтің жеке көрмелерін өткізіп, аттары белгісіз таланттардың жұмыстарын облыс көлемінде насихаттауды жиынтықты жұмыс жоспарына енгізген. Жаркент жерінде туып өсіп білім алған, қазір туған жерінен тыс аймақтарда еңбек етіп жатқан өнер адамдарымен де галереяның байланыстары тығыз. Алматылық Б.Өмірбеков, С.Нұрсапаев, Б.Қасымбеков, талдықорғандық А.Асқаровтар осы галереяға жиі келіп тұрады.

Галерея ашылған кезде оның қорында бар жоғы 12 жәдігер болған, Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберінің, тума таланттардың шығармашылық туындыларымен толықтырылып саны 168-ге жетті. Галереяның жоспарлы мәдени іс-шаралық жұмыстары аясында мемлекеттік мерекелерге, тақырыптық айтулы күндерге байланысты жұмыстар, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы түрлі бағдарламалар аясында көптеген дөңгелек үстел, семинарлар, жылжымалы көрмелер, табиғат аясындағы пленэрлік іс-шаралар, байқау көрмелер, жеке шығармашылық көрмелер өткізіліп тұрады. Ауданымыздың суретшілері көрмелерге белсенді түрде қатысып келеді.

0
0
244

ЭКСПРОМ КЕЗДЕСУ

ЭКСПРОМ КЕЗДЕСУ

26 наурыз күні Райымбек аудандық маслихат депутаты Шымырбаев Нартай Мұратұлы  Нарынқол ауылдарының тұрғындарымен және Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен және ауыл тұрғындарымен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған  Райымбек аудандық Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына  қатысты мәселелер қозғалды. Тұрғындардың жеке сұрақтарынада жауап берілді.

0
0
106