Экспромт-кездесу
Экспромт-кездесу
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Р.Б. Баякеева "Экспромт-кездесу" іс-шарасы аясында мыңдаған жылдардың құпия сырын бауырына бүккен өңіріміздің өткенінен хабар беретін, заттай деректерді халық назарына ұсыну жуапкершілігін өз мойнына алған, Алматы облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Жауынгерлік Даңқ музейіне» барып, экспромт-кездесу өткіздім.
Музейдің басты мақсаты – алдыңғы толқын ағалардың Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері арқылы еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ауданымыздың, еліміздің тарихын хронологиялық жүйелі түрде дәріптеу және насихаттау болып табылады.
Музей қызметкерлері мекеме жарғысында көрсетілгендей әркім өз қызметіне қарай мақсат-міндеттерін негізге ала отырып іске кірісуде.
Жылдан – жылға музейлік маңызы бар материалдар қоры қалыптасып, бұл өлкенің ғасырлар қойнауынан бастау алатын әлі көпке беймәлім болып келген руханият маржандары мен шешуі табылмаған жұмбақтарға толы тарихына сай заттар мен экспонаттар жиналып, хронология бойынша жүйеленді. Мұражай 4 экспозициялық залдар мен мазмұнына қарай бірнеше бөлімдерден тұрады.
Фойе – "Тәуелсіздік шежіресі"
І зал – "Ел ішіндегі атақты Жетісулық батыр бабалар"
ІІ зал - "Қазақ хандығының құрылуы"
III зал - "Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында"
Өне-бойы тарихқа толы туған өлкеміздің кейінгі ұрпағына ата – бабадан қалған рухани құндылықтары жайында шертер сыры мен айтар өнегесі мол екендігі баршаға аян. Осынау қасиетті міндетті мойнына алып отырған «Жауынгерлік Даңқ музейі» өз міндетіне белсене кірісіп көпшілік көңілінен шығуға бар күш жігерлерін жұмсауда.
