Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Айтмұқаева Бағдат Бейсенқызы "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында Б.Айтмұқаева галерея ұжымына сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жалпы ауданымыздағы ойып алар өзіндік орны бар бұл галерея, 2004 жылы Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Қылқалам шебері, өнерімен әлемді тамсандырған Ә.Қастеев көркемсуретке оқудың бастауыш дәрісін Н.Хлудовтың жеке студиясынан алған. 55 жылға созылған жемісті шығармашылық еңбегінің нәтижесінде 2000-ға жуық кескіндемелік және графикалық шығармалары дүниеге келді.

Қылқалам шебері Ә.Қастеев 1937 жылы Қазақстан Суретшілер Одағына мүше болса, 1942 жылы оған Қазақ КСР-ның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер құрметті атағы беріледі. 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атанады.

Осындай қазақ халқының біртуар перзенті болған Ә.Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған галерея Жаркент қаласы В.Юлдашев көшесі бойындағы 1880 жылы салынған тарихи ғимаратқа орналастырылды.

Галереяның тұңғыш көрмесі ұлы суретші Әбілхан атаның төл туындыларынан бастау алса, елімізге белгілі халық суретшілері К.Муллашев, Ж.Қайрамбаевтар галереяға жұмыстарын қойғаны бір мәртебе болды әрі ұлы суретшіге құрмет деп есептелді. Еліміздің аумағында тұратын және аттары шетелдерге танымал өзге ұлт суретшілері де жиынтықты көрме жасап, елдің алғысына бөленді.

Галерея ұжымы жергілікті тума таланттар мен өнер адамдарының шығармашылық жұмыстарын елге, келген көрермендерге танытуда тиянақты жұмыстар атқарып келеді. Әр ауылдық округтің жеке көрмелерін өткізіп, аттары белгісіз таланттардың жұмыстарын облыс көлемінде насихаттауды жиынтықты жұмыс жоспарына енгізген. Жаркент жерінде туып өсіп білім алған, қазір туған жерінен тыс аймақтарда еңбек етіп жатқан өнер адамдарымен де галереяның байланыстары тығыз. Алматылық Б.Өмірбеков, С.Нұрсапаев, Б.Қасымбеков, талдықорғандық А.Асқаровтар осы галереяға жиі келіп тұрады.

Галерея ашылған кезде оның қорында бар жоғы 12 жәдігер болған, Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберінің, тума таланттардың шығармашылық туындыларымен толықтырылып саны 168-ге жетті. Галереяның жоспарлы мәдени іс-шаралық жұмыстары аясында мемлекеттік мерекелерге, тақырыптық айтулы күндерге байланысты жұмыстар, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы түрлі бағдарламалар аясында көптеген дөңгелек үстел, семинарлар, жылжымалы көрмелер, табиғат аясындағы пленэрлік іс-шаралар, байқау көрмелер, жеке шығармашылық көрмелер өткізіліп тұрады. Ауданымыздың суретшілері көрмелерге белсенді түрде қатысып келеді.

0
0
211

Еще по теме

Экспромт-кездесу - Yvision.kz