Перейти к содержимому

Новое

ДЕПУТАТҚА САУАЛ ҚОЙ

ДЕПУТАТҚА САУАЛ ҚОЙ

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Ұлдана Қуандыққызы Бегімбекова өз әлеуметтік желі парақшасынан "Депутатқа сауал қой" атты іс-шарасын өткізді. Тікелей эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде жастарға көрсетілетін көмектер жайындағы мәселелер қаралды. Әлеуметтік желі қолданушылары  өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойды.

0
0
128

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

Панфилов аудандық мәслихат депутаты Мұқатай Медет Акимжанұлы  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Панфилов ауданның Қоян-қолтық және грек-рим күресінен спорт шебері, Абай Қуаныш Абайұлымен канвассинг кездесу өткізіп қайтты.Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы. Қоян-қолтық ұрыстан ҰҚК спартакиадасының чемпионы, ҰҚК қызметкерлері арасындағы қоян-қолтық ұрыстан чемпионаттың күміс жүлдегері Мәскеу қаласы. ҰҚК ЖОО арасында қоян-қолтық ұрыс пен дзюдодан бірнеше дүркін чемпион. "ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғаудағы үздігі" медальдарымен марапатталған"

ҚР ҰҚК төрағасының бұйрығымен"майор"жедел атаққа ие болған.

"2009 жылдың үздік шекарашысы" ҚР ҰҚК Төрағасы орынбасарының бұйрығымен.

Қазақстан Патриоттары форумының қатысушысы, ҚР Президентінің Жарлығымен 2010 жылы "бірлігіміз жарасқан" естелік медалімен марапатталған. Кездесуде Мұқатай Медет Акимжанұлы  партияның сайлауалды бағдарламасы аясында көзделген жұмыстар, ел тәуелсізідгінің мән-маңызы мен 30 жыл ішіндегі жеткен жетістігі жайлы да айтып өтті.

0
0
162

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

Қолөнер шеберлерімен кездесу

29-наурыз күні Райымбек аудандық мәслихатының депутаты Раева Бахытгул Абдықадырқызы қолөнер шеберлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған Райымбек аудандық сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы мәселелер айтылып,кеңінен түсіндірілді. Кездесу  барысында шағын кәсіпкерлікті дамыту, оларды қолдау мәселелері талқыланды, жеке мәселелеріне де жауап берілді.

0
0
111

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Е.Шоқпаров "Экспромт-кездесу" іс-шарасы аясында мыңдаған жылдардың құпия сырын бауырына бүккен өңіріміздің өткенінен хабар беретін, заттай деректерді халық назарына ұсыну жуапкершілігін өз мойнына алған, Алматы облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Жауынгерлік Даңқ музейіне» барып, экспромт-кездесу өткізді.

Музейдің басты мақсаты – алдыңғы толқын ағалардың Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері арқылы еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ауданымыздың, еліміздің тарихын хронологиялық жүйелі түрде дәріптеу және насихаттау болып табылады.

Музей қызметкерлері мекеме жарғысында көрсетілгендей әркім өз қызметіне қарай мақсат-міндеттерін негізге ала отырып іске кірісуде.

Жылдан – жылға музейлік маңызы бар материалдар қоры қалыптасып, бұл өлкенің ғасырлар қойнауынан бастау алатын әлі көпке беймәлім болып келген руханият маржандары мен шешуі табылмаған жұмбақтарға толы тарихына сай заттар мен экспонаттар жиналып, хронология бойынша жүйеленді. Мұражай 4 экспозициялық залдар мен мазмұнына қарай бірнеше бөлімдерден тұрады.

Фойе – "Тәуелсіздік шежіресі"

І зал – "Ел ішіндегі атақты Жетісулық батыр бабалар"

ІІ зал - "Қазақ хандығының құрылуы"

III зал - "Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында"

Өне-бойы тарихқа толы туған өлкеміздің кейінгі ұрпағына ата – бабадан қалған рухани құндылықтары жайында шертер сыры мен айтар өнегесі мол екендігі баршаға аян. Осынау қасиетті міндетті мойнына алып отырған «Жауынгерлік Даңқ музейі» өз міндетіне белсене кірісіп көпшілік көңілінен шығуға бар күш жігерлерін жұмсауда.

0
0
180

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

30 наурыз күні Райымбек аудандық маслихат депутаты Раева

Бахытгүл Абдықадырқызы ауданымызға белгілі азаматша, Ұзақ жыл мал шаруашылығында еңбек еткен еңбек ардагері Қалмақбаева Рысқан апаның шаңырағында болып, "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жабасы аясында өткен мерекесімен құттықтап кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған  Райымбек аудандық Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына  қатысты мәселелер қозғалды. Ақ жаулықты анамыз ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.

#Ардагерлердіардақтайық

0
0
130

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

Панфилов аудандық мәслихат депутаты: Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында Панфилов ауданының және Кербұлақ ауданының  құрметті азаматы Жұмабаев Дауысқожа Нұрбекұлы  Қоңырөлең ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, округте құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен, «Тың игерудің 25 жылдығы» төсбелгісімен,  Қазақстан КПОК Құрмет грамотасымен, Қазақ ССР АШМ грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның үздік адамдар энциклопедиясына кірген, ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі, Панфилов ауданының және Кербұлақ ауданының  құрметті азаматы, 2007 жылы мұсылманның қажылық парызын өтеп келген «Қажы».  «Осындай ырысты ауыл Қоңырөлең» өлеңдер жинағының,«Жылқы жыры» кітәбінің авторы, табиғат, жылқы түлігі жөнінде, ауыл өмірі және жастарға тәрбие беру жөнінде жазылған өлеңдері баршылық. Аяулы жар, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асқар тау әке!!! Енді, міне, ел жұртын тағы бір жақсы жаңалығымен қуантып отыр! 2020 жылғы 04 желтоқсанда №66-372-ші Кербұлақ аудандық мәслихат сессиясының шешімімен атамызға «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп отыр!!! Атамызды осы атағымен құттықтаймыз! Өскелең ұрпаққа атамыздың жолын беріп, жұғысты болғай! Кездесу барысында Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы, алға қойған жоспарларымен бөлісіп, Жұмабаев Дауысқожа атамыздың ақ батасын алып, ел бірлігі үшін бар күш жігерін жұмсайтындығын жеткізді. Еліміз үшін еңбек еткен ардагерлерді ардақтайық !!!

0
0
272

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

Ауыл жастарымен кездесу

30 наурыз күні Райымбек аудандық маслихат депутаты Кошмуратова Күмісгүл Қаржаубайқызы Текес БПҰ тұрғындарымен  кездесті.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған  Райымбек аудандық Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына  қатысты мәселелер қозғалды. Жастарды толғандырып жүрген сұрақтар қозғалып, жеке мәселелері бойыншада жауап берілді.

0
0
111

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

30 наурыз күні Райымбек аудандық маслихат депутаты Раева

Бахытгүл Абдықадырқызы ауданымызға белгілі азаматша, көп балалы Алтын алқа иегері, Қарасаз ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Мәнкеева Жұмахан апаның шаңырағында болып, "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жабасы аясында өткен мерекесімен құттықтап кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған  Райымбек аудандық Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына  қатысты мәселелер қозғалды. Ақ жаулықты анамыз ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.

#Ардагерлердіардақтайық

0
0
119

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Қ.Құдайбергенов "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Осыған орай, ауданымызда орналасқан «Уәлібай мешіті» - не барып экпромт-кездесу өткізді.

Мешіт негізін салған Уәлібай есімді азамат болғандықтан, соның есімімен аталады. Жобасын қытай сәулетшісі Хон Пик сызған. Мешіт құрылысы 1887 жылы басталып, 1892 жылы аяқталған. Оны салып бітуге 1500- ге жуық адам қатысқан. Ішіне кіріп, жан -жағына барлай қарасаңыз, шатырын биік бағаналар тіреп тұр. Барлығы 122 бағана. ХІХ ғасырдың аяғында салынған мешітке 130 жыл, яғни 1,5 ғасырға жуық сақталып тұр. Діни ғимарат кірпіштен немесе лай балшықтан емес, шырша бөренелерінен салынған. Бөренелер Ақсу және Кетпен тауларындағы Тянь -шань шыршаларынан дайындалған. Құрылыс барысында бірде- бір шеге қағылмаған. Мешіттің ауданы 28х54 метрді құрайды. Биіктігі- 14,5 метр. 52 бағанамен қоршалған минареттің биіктігі- 19 метр. 1975- 1978 жылдары ғимарат құрылысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.

Мешіт мұражайында Жетісу губерниясының тарихына байланысты көптеген деректермен танысуға болады. Өйткені, оңтүстік шығысында күн асты мемлекеті Қытаймен шекаралас жатыр.

0
0
173

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

Ауыл тұрғындарымен кездесу

30 наурыз күні Райымбек аудандық маслихат депутаты Қойлыбаев Бек Бекзадаұлы Жамбыл БПҰ тұрғындарымен  кездесті.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған  Райымбек аудандық Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына  қатысты мәселелер қозғалды. Тұрғындардың жеке сұрақтарынада жауап берілді.

0
0
121