КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
Панфилов аудандық мәслихат депутаты: Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында Панфилов ауданының және Кербұлақ ауданының құрметті азаматы Жұмабаев Дауысқожа Нұрбекұлы Қоңырөлең ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, округте құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен, «Тың игерудің 25 жылдығы» төсбелгісімен, Қазақстан КПОК Құрмет грамотасымен, Қазақ ССР АШМ грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның үздік адамдар энциклопедиясына кірген, ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі, Панфилов ауданының және Кербұлақ ауданының құрметті азаматы, 2007 жылы мұсылманның қажылық парызын өтеп келген «Қажы». «Осындай ырысты ауыл Қоңырөлең» өлеңдер жинағының,«Жылқы жыры» кітәбінің авторы, табиғат, жылқы түлігі жөнінде, ауыл өмірі және жастарға тәрбие беру жөнінде жазылған өлеңдері баршылық. Аяулы жар, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асқар тау әке!!! Енді, міне, ел жұртын тағы бір жақсы жаңалығымен қуантып отыр! 2020 жылғы 04 желтоқсанда №66-372-ші Кербұлақ аудандық мәслихат сессиясының шешімімен атамызға «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп отыр!!! Атамызды осы атағымен құттықтаймыз! Өскелең ұрпаққа атамыздың жолын беріп, жұғысты болғай! Кездесу барысында Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы, алға қойған жоспарларымен бөлісіп, Жұмабаев Дауысқожа атамыздың ақ батасын алып, ел бірлігі үшін бар күш жігерін жұмсайтындығын жеткізді. Еліміз үшін еңбек еткен ардагерлерді ардақтайық !!!
