Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Қ.Құдайбергенов "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Осыған орай, ауданымызда орналасқан «Уәлібай мешіті» - не барып экпромт-кездесу өткізді.

Мешіт негізін салған Уәлібай есімді азамат болғандықтан, соның есімімен аталады. Жобасын қытай сәулетшісі Хон Пик сызған. Мешіт құрылысы 1887 жылы басталып, 1892 жылы аяқталған. Оны салып бітуге 1500- ге жуық адам қатысқан. Ішіне кіріп, жан -жағына барлай қарасаңыз, шатырын биік бағаналар тіреп тұр. Барлығы 122 бағана. ХІХ ғасырдың аяғында салынған мешітке 130 жыл, яғни 1,5 ғасырға жуық сақталып тұр. Діни ғимарат кірпіштен немесе лай балшықтан емес, шырша бөренелерінен салынған. Бөренелер Ақсу және Кетпен тауларындағы Тянь -шань шыршаларынан дайындалған. Құрылыс барысында бірде- бір шеге қағылмаған. Мешіттің ауданы 28х54 метрді құрайды. Биіктігі- 14,5 метр. 52 бағанамен қоршалған минареттің биіктігі- 19 метр. 1975- 1978 жылдары ғимарат құрылысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.

Мешіт мұражайында Жетісу губерниясының тарихына байланысты көптеген деректермен танысуға болады. Өйткені, оңтүстік шығысында күн асты мемлекеті Қытаймен шекаралас жатыр.

0
0
141

Еще по теме

Экспромт-кездесу - Yvision.kz