ТҰРҒЫНДАРҒА ӨҢІР АУМАҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
Бүгін Jetysu Media алаңында кеңейтілген брифинг өтті. Негізгі спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев сөз сөйледі.Алматы облысы бойынша Антикор басшысының бірінші орынбасары БАҚ өкілдеріне Департаменттің өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық жаңалықтарды және ҚР ӘҚБтК-не енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіруге басты назар аударды.Жандос Жұмабаев атап өткендей: соңғы 2 жылда қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бірқатар елеулі өзгерістер мен жаңалықтарды бастан өткерді. Осы аспектіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірқата…