Батысым Шығыс болып кетті..
Астана қаласынан Қытайдың Гуанчжоу және Ченду қалаларына әуе рейстері бар екен. Меніңше, ішкі Қытайда Сиань мен Пекин (Ханбалық) де қызық. Әрине, Гонконг пен Шанхайдың да орны ерекше. Дегенмен, бірінші Шыңжаңды білу керек болар. Жалпы, соңғы жылдары еліміздің Қытаймен байланысы одан сайын артып келеді. Жаңағы Гуанчоу мен Ченду қалалары туралы оқып отырып, Сычуань паршасы туралы материалға кезіктім. Айтқандай, дәл осы Гуанчжоуда 1206 жылдан бері тұрған, үш рет реконструкциядан өткен әйгілі Шамшырақ-мұнара мешіті бар. Бұл өлке мұсылман Әлемімен әуелден байланыста болған ғой. Ал, Ченду Сычуань провинциясының орталығы. Қалай десек те Қытай ежелгі өркениет ошақтарының бірі, ал, мата өндірісі әуелден болғаны белгілі. Айтқандай, Орталық Азия да Әлемдік мата өндірісі орталықтарының бірі. Дегенмен…

