ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
3 шілде күні облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Казталов ауданында болды. Өңір басшысы Жалпақтал ауылындағы 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысып, ауданымыздағы құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты.Қос өзен елі малға шұрайлы, пендеге жайлы мекен. Соңғы уақыттары бұл аумақта ірі перспективалық жобалардың жүзеге асып жатқандығы да мәлім. Облыс орталығымен байланыстырар жабынды жолды былай қойғанда бірнеше ауылдық округ пен елді мекенде мектеп, балабақша, спорт алаңдары, «Street Workout», саябақтар салынып, ауыз сумен және газбен қамтамасыз етілді. Олардың қатарында көш бастап тұрған жаңашыл ауыл – Жалпақтал. Бүгінгі күннің өзінде аталған ауылдың негізгі көшелеріне жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргінші жолдары, 12 пәтерлік екі тұ…
