Нейрожаттығулар миды дамытудың қарапайым жолы
Қазіргі ақпарат тасқыны заманында адам миына түсетін салмақ өте үлкен. Зейіннің шашырауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және тез шаршау көпшіліктің басты мәселесі. Осы тұста мидың жұмысын сергітіп, оның белсенділігін арттыратын қарапайым әрі тиімді әдіс бар. Ол — нейрожаттығулар.Адам миы оң және сол жақ жарты шардан тұрады. Сол жақ бөлік логикаға, талдауға және тіл үйренуге жауапты болса, оң жақ бөлік шығармашылыққа, қиялға және интуицияға жауап береді. Нейрогимнастика екі жарты шардың тепе-теңдікте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде адам логикалық тапсырмаларды да, шығармашылық жобаларды да бірдей сәтті орындай алады.Арнайы қол қимылдары мен ассиметриялық жаттығулар мида жаңа нейрондық байланыстардың пайда болуына түрткі болады. Бұл біріншіден ақпаратты қабылдау жылдамдығын…


