QazCode технологиялары – жаһандық аренада: VEON және Amdocs келісімге қол қойды

Келісім QazCode компаниясының сараптамасы мен технологияларын Amdocs aOS платформасымен біріктіріп, VEON технологиялық операцияларын жаңғыртуға және цифрлық оператор стратегиясын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Жаһандық цифрлық оператор VEON Ltd. және телекоммуникация мен медиа компанияларға арналған бағдарламалық жасақтама мен қызметтердің жетекші жеткізушісі Amdocs 10 жылдық стратегиялық келісім жасалғанын жариялады.
Келісім аясында Amdocs VEON компаниясының негізгі IT-жүйелерін басқару және жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл компанияның цифрлық оператор ретінде дамуын жеделдетіп, Еуразия өңіріндегі IT-шығындарды ұзақ мерзімді перспективада тиімді жоспарлауға жағдай жасайды.
Сондай-ақ, Amdocs компаниясы QazCode-тың зияткерлік меншікке қатысты жекелеген құқықтарын пайдалану құқығына ие болады. Аталған шешімдер телекоммуникация саласы үшін арнайы әзірленген Amdocs-тың aOS агенттік операциялық жүйесіне біріктіріледі.
«Цифрлық және AI-сервистер клиенттерімізге қызмет көрсетудің маңызды құрамдас бөлігіне айналып келеді. Бүгінде олар VEON Group кірісінің шамамен 27% қамтамасыз етіп отыр және бұл көрсеткіш өсуін жалғастыруда. QazCode бізге берік технологиялық негіз қалыптастыруға және сервисімізді күн сайын пайдаланатын миллиондаған адамға сапалы цифрлық қызмет ұсынуға қажетті тәжірибе мен құзыреттерді дамытуға көмектесті. Сондықтан Amdocs компаниясының aOS платформасының мүмкіндіктерін енгізу осы даму жолындағы келесі қадам болып табылады. Amdocs-пен стратегиялық серіктестік алдағы онжылдықта цифрлық және жасанды интеллектке негізделген инновациялар арқылы адамдардың өмір сапасын жақсартуды үшін берік негіз қалыптастырады, – деді VEON компаниясының бас директоры Каан Терзиоглу».
«VEON біздің саладағы ең өршіл цифрлық операторлардың бірі саналады. Біз aOS агенттік операциялық жүйесін дәл осындай серіктестер үшін, телекоммуникация саласының ерекшеліктерін ескере отырып әзірледік. aOS платформасының көмегімен Amdocs телекоммуникация саласына бейімделген мамандандырылған жасанды интеллект шешімдері арқылы VEON-ның операциялық қызметін, клиенттік тәжірибесін және цифрлық сервистерін жаңа деңгейге көтеріп, компанияның зияткер агенттерінің автономды жұмысқа көшуіне ықпал етеді. VEON компаниясының осы ауқымды жобаны іске асыруда Amdocs-қа сенім артуы цифрлық операторлардың келесі даму кезеңін қалыптастыруға бағытталған ортақ мақсатымызды көрсетеді. Сонымен қатар, бұл келісім Amdocs-тың Қазақстандағы, Өзбекстандағы және жалпы Еуразия өңіріндегі қатысу аясын кеңейтеді. Біз аталған нарықтарда одан әрі дамуға орасан мүмкіндіктер көріп отырмыз», – деді Amdocs компаниясының New Growth Horizons бағытының президенті Энтони Гунетилеке.
«QazCode – бүгінде VEON мен Beeline Kazakhstan компанияларының технологиялық экожүйесінің маңызды бөлігі әрі жасанды интеллект пен бағдарламалық жасақтама әзірлеу саласындағы негізгі сараптама орталықтарының бірі. Amdocs-пен серіктестік Қазақстанда жасап жатқан технологияларымыз бен қалыптастырып отырған құзыреттеріміздің елімізден тыс жерлерде де жоғары сұранысқа ие екенін және жаһандық шешімдердің бір бөлігіне айнала алатынын көрсетеді.
«Бұл біз үшін өз технологиялық сараптамамызды дамытудағы халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған маңызды келесі қадам. Біз Қазақстанның жаңа технологиялар енгізілетін нарыққа ғана емес, олар әзірленіп, жаһандық нарыққа жол тартатын орталыққа айналғанын қалаймыз», – деді Beeline Kazakhstan компаниясының бас директоры Джаббор Каюмов.