ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ
қоғамдық штаб мүшелері «Жәңгір» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.Кездесудің мақсаты - ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау.Кездесуге ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Қоғамдық штаб мүшелері Әуен Кеңес, Зуппархан Чалданов пен Атаева Насиба қатысты.«Өздеріңізге белгілі еліміздің саяси партиялары, қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері ортақ мақсат Қазақстанның кемел келешегі үшін бірлесіп, Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдауда. Қазақстан дамудың жаңа жолын таңдап, қазіргі таңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әділетті қоғам орнату үстінде. Соңғы жылдары орын алып жатқан оң өзгерістердің бәрі халық көңілінен шығуда, алдағы халық тұрмысының жақсаруы бүгінгі таңдауымызға байланыстыболатынын ұмытпайық. Сол себепті, сіздер…
