Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

қоғамдық штаб мүшелері «Жәңгір» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Кездесудің мақсаты - ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау.

Кездесуге ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Қоғамдық штаб мүшелері Әуен Кеңес, Зуппархан Чалданов пен Атаева Насиба қатысты.

«Өздеріңізге белгілі еліміздің саяси партиялары, қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері ортақ мақсат Қазақстанның кемел келешегі үшін бірлесіп, Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдауда. Қазақстан дамудың жаңа жолын таңдап, қазіргі таңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әділетті қоғам орнату үстінде. Соңғы жылдары орын алып жатқан оң өзгерістердің бәрі халық көңілінен шығуда, алдағы халық тұрмысының жақсаруы бүгінгі таңдауымызға байланыстыболатынын ұмытпайық. Сол себепті, сіздерді алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырамын», - деді штаб мүшесі Чалданов Зуппархан.

Кеңес Әуен өз сөзінде Президенттің саясаты, біріншіден, мемлекет мүддесін қорғап, тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтіндігін және халық үшін де ең бастысы қауіпсіздік екенін жеткізді. Сондай-ақ, «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.

Штаб мүшесі Насиба Атаева кездесу барысында қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтерудің, оларды ел арасында насихаттаудың маңыздылығы жайлы және бұл да Қасым-Жомарт Тоқаевтың басымдық берген тұжырымдамаларының бірі екенін атап өтті.

Кездесу соңында штаб мүшелері жиналған қауымды еліміздің болашағы үшін алдағы сайлауда белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
137

Еще по теме

ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ - Yvision.kz