«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚО-ДА МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫН КӨБЕЙТУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
«AMANAT» саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша БҚО мәслихатына ұсынылған кандидат Софья Ізмұханбетова мен сайлауалды штаб өкілі Олжас Сейтимов Оралдағы Жастар мәдениет сарайында болып, әкімшілік қызметкерлермен кездесті. Өнер ұжымы партия өкілдерін құрметпен қарсы алып, әннен шашу шашты. Кандидат та мекеме қызметкерлеріне ыстық ықыласын білдіріп, әйгілі «Мы – эхо» туындысын шырқап берді. Емен-жарқын жүздесуде тараптар мәдениет саласындағы мақсат-міндеттерді талқылады. Партияның сайлауалды бесжылдық бағдарламасында бұл саланы да одан әрі дамыту көзделген. Соның ішінде дәл осы Жастар мәдениет сарайы мен Деркөлдегі мәдениет үйі жаңғыртылмақ. Тасқала ауылына мұражай және мәдени-сауықтыру кешені салынбақ. Ал тұңғыштар мекені Бөкей Ордасы ауданында туризмді түлетуге екпін беріледі. Хан Ордасы…

