Шымкентте омарта шаруашылығы дамып келеді
Үшінші мегаполисте 60-тан астам тұрғын омарта (бал арасы) шаруашылығымен айналысады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл сала да қарқынды дамып келеді.Шымкент тұрғыны Олжас Сырлыбаев омарташылықты осыдан 6 жыл бұрын бастаған. Бал ара шаруашылығының аясын кеңейту кеңейту мақсат еткен шаруа көпбалалы отбасы санаты бойынша мемлекеттен қайтарымсыз грантқа өтініш береді. Олжас Сырлыбаев бұл қаражатқа шаруашылыққа қажетті құрал-саймандар сатып алғанын жеткізді. Нәтижесінде кәсіп иесінің жылдық табысы 9 миллион теңгеге жеткен.Адал еңбегімен шаруашылығын өрге дөңгелеткен отағасы мамыр айынан бастап қоңыр күзге дейін бал араларының ұясын алып, табиғат аясына кетеді. Қазіргі таңда 80 омартасы бар. Көбіне карника арасын асырайды.«Бал арасы өзі мамыр, аққурай, жантақ, мақта балы болып бөлінеді. Әр қа…



