Қазақстанға не үшін жаңа буын дата-орталықтары қажет? Жасанды интеллект дәуіріндегі инфрақұрылым мәселесі
Жасанды интеллектінің дамуы тек жаңа алгоритмдер мен бағдарламалық өнімдерге байланысты емес. Оның артында үлкен есептеу қуаты, тұрақты электр энергиясы, күрделі салқындату жүйелері және арнайы инфрақұрылым тұр. Қазақстанда осы бағытта жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Соның бірі – Freedom Holding Corp. компаниясының құны 2 млрд доллар болатын Sovereign AI Hub жобасы.Қазір жасанды интеллект күнделікті өмірдің, бизнестің және мемлекеттік қызметтердің ажырамас бөлігіне айналып келеді.
