Заманауи жағдайдағы басқарушылық қызмет: тәжірибе, мәселелері, болашағы
Кез-келген ұйымды тиімді басқару үшін басшы ең алдымен адамгершілігі мол, білімді, шешім қабылдай алатын, тәжірибесі мол адам болуы керек. Персоналдармен жұмыс жасау біз ойлағандай оңай емес. Басшы өзінің қарамағындағыларды артынан ертіп жүретін нағыз лидер болуы керек деп ойлаймын. Көшбасшы адамдарды ынталандырып, жетістікке жету үшін ортақ мақсатта жұмыс жасататын, алға ұмтылдыратын адам. Басқару ғылымын зер қойып зерттеген шетелдік ғалымдар шын лидер алдына мақсат қоя білетін, шешім қабылдарда «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» ақылды, болашақты бағдарлай білетін мықты стратег, әрі мотиватор, әрі шешен сөйлейтін адам деген тұжырымға келген.Басқарудағы биліктің бірнеше түрлері бар. Ең көп кездесетін түрі заңдық билік, заңдық биліктіәдетте дәстүрлі деп те атайды. Бұл билік түрінің ерекшел…




