Қ.Тоқаев: «Маған резиденциядан кету, тіпті шетел асу туралы ұсыныс айтылды»
Бүгін «Егемен Қазақстан» газетіне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбаты шықты. Онда түрлі өзекті мәселелер қозғалған.Журналист Дихан Қамзабекұлының осыдан тура екі жыл бұрын болған Қаңтар оқиғасы туралы сұрағына мемлекет басшысы жан-жақты жауап берген. Президент бұл жайында көп ойланғанын, әлі де жиі ойлайтынын айтады.«Мен 2019 жылы Президент болып сайланғаннан кейін мемлекетіміз саяси жүйені демократияландыруға, қоғамдық өмірге еркіндік сипат беруге, экономиканы монополиядан арылтуға бет бұрды. Реформаларды әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қоғам өкілдері, белсенді азаматтар, сарапшылар қатысты. Түрлі диалог алаңдарында, соның ішінде, менің ұсынысыммен арнайы құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарында көптеген бастама көтеріліп, жан-жақты пысықталды.Ашығын айтс…