Президент айтқан соң үкімет су мәселесін қарады
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

Облыс әкімдігі мен орталық мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өнеркәсіп, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Үкімет басшысының 2022 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың басым бөлігінің орындалғаны атап өтілді. Сонымен бірге кейбір инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр.
«Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Үкімет тарапынан қаражат уақтылы және толық көлемде бөлініп жатыр. Әкімдік жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Ол су объектілерінің ластануына жол бермеу мақсатында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылғанын еске салды.
«Әкімдік және құзыретті министрлік толық құжаттамасы бар жобаларды биыл іске асыруға кірісуі тиіс. Жоспарланған жобалар бойынша құжаттаманы әзірлеуді және конкурстық рәсімдерді өткізуді жеделдету қажет», — деді премьер-министр.