Елімізге Испанияда ұсталған күдікті әкелінді (видео)
Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғаны үшін тағы бір күдіктіні Испаниядан экстрадициялады. Бүгін ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады. Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен «Questra Holding» компаниясын құрды деген күдікке ілінген. Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әр түрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан. Бұл топ 800-ден…
