Қызық статистика
Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев үкімет басшыларының тағайындалуына қатысты қызық статистика келтірді.

- Қонаев 25 жылда 6 премьерді тағайындады (әр адамға орташа 4 жылдан). Нақтырақ айтсақ, алғашқы 3 жылда 3 премьер, кейінгі 22 жылда 3 премьер ауысқан.
- Назарбаев 30 жылда 12 премьерді тағайындады (әр адамға орташа 2,5 жылдан).
- Тоқаев 5 жылда 2 премьерді тағайындады (әр адамға орташа 2,5 жылдан). Үшіншісін әзірге қоспаймыз. Өйткені екіншісі енді ғана тағайындалды.