Алаш зиялыларының тарихи тағылымы
Ұлт зиялылары елі үшін қабырғасы қайысып, халқының келешегі үшін жасаған игі істері сол замандағы батыр бейнесі. Саяси қызметтің қатерлі жолынан жаңылыспай, жанқиярлыққа барған азаматтар елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап егемендікке қол жеткізудің жолдарын іздеді. Қарапайым халықты ілімге шақырып, көзін ашуға жол нұсқап, білімге құштарлығын ояту мақсатында құнды еңбектерін жарыққа шығарған. Кеңес өкіметінің солақай саясатына қарсы шығып, партия құру әркімнің қолынан келмейтін жауапты іс. Алаш жетекшілерінің ұрандары сол замандағы жастардың рухын оятты. М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтбаев сынды дара, бітуар тұлғалар қазақ үшін қасық қаны тамғанша еңбек етті.Алаш зиялыларының негізгі мақсаты ұлтымызды ұйыстыру, бұл игі істің артында…