«Бар заманның ұстазы» = «Учитель на все времена»
Ұлы қазақ ағартушысы, жерлесіміз Ыбырай Алтынсариннің туған күніне орай Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 2-сынып оқушыларына арнап көрнекті педагогтің өмірі, шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған «Бар заманның ұстазы» атты әдеби шкатулка өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар алғашқы халық ағартушысының өмірбаянымен танысып, оның алғашқы мектеп ашуы және бірегей оқулықтар жазуы туралы мәліметтер алды. Балалар ағартушының өлеңдерін еске түсіріп, тағылымы мол әңгімелерін талқылады, сондай-ақ «Әке мен бала» мысалының желісі бойынша түсірілген мультфильмді тамашалады. Кездесу соңында оқушылар ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған интерактивті викторинаға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара балаларға білімнің, еңбекқорлықтың, адалдықтың және өз мәдениетіне деген құрме…






