Әлеуметтік желілерді пайдалы пайдалану – цифрлық мәдениеттің маңызды көрсеткіші Қазіргі ақпараттық қоғамда әлеуметтік желілер адам өмірінің
Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланудың басты артықшылықтарының бірі – білім мен ақпаратқа қолжетімділіктің артуы. Бүгінде пайдаланушылар әлемдік ғылыми жаңалықтармен танысып, онлайн дәрістерге қатысып, шет тілдерін үйреніп, түрлі кәсіби бағыттар бойынша білімдерін жетілдіре алады. Әсіресе жастар үшін әлеуметтік желілер жаңа идеяларды меңгеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби байланыстар орнатуға және өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік желілерді тек көңіл көтеру құралы ретінде емес, өзін-өзі дамыту мен жаңа мүмкіндіктерге бастайтын цифрлық білім кеңістігі ретінде қарастыру маңызды.Тағы бір жайт, әлеуметтік желілер қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және пайдалы ақпараттарды кеңінен таратуға мүмкіндік…