«Кітап оқу - менің вайбым»: book party = «Чтение — мой вайб»: book party
Жастар кітабы күні аясында Қостанай цифрлық индустрия колледжінің студенттері бізге қонаққа келді. Біз кітап оқудың қызықсыз әдебиет сабағы ғана емес, нағыз өмір салты, эстетика мен шабыт көзі екенін дәлелдедік.Біз ең танымал әрі сұранысқа ие әдеби жанрлар бойынша қызықты интерактивті саяхат жасадық. Заманауи фэнтези жанрының несімен баурап алатынын, жүрекке жылу сыйлайтын романтикалық шығармалардың неліктен сүйікті екенін, шытырман оқиғалы детективтердің оқырманды қалай еліктіретінін және шынайы өмірді суреттейтін прозаның қандай күші бар екенін талқыладық.Сонымен қатар, қиял-ғажайып фантастика, қолданбалы психология және күнделікті өмірде пайдасы зор ғылыми-көпшілік әдебиет туралы да әңгімелестік. Әркім өзіне тән ерекше әсер алды!Шығармашылық алаңда жастар өз қолдарымен авторлық кітапбе…



