«БАЙҚҰЛАҚ» әңгіме
Сол тұста ержүректігімен аты мәлім Табын руының даңқты Бөкенбай батыры қызу тартыс үстінде үстіндегі киімін жыртып, қылышын кеңес ортасына лақтырып жіберіп, арқалана айқай салды: «Жауымыздан кек алайық! Қолымызға қару ұстап ерлікпен жан тапсырайық! Тоналған қоныстарымыз бен тұтқынға түскен ұл-қыздарымызға дәрменсіз қарап отыратын қорқақ болмайық!»
«Қыпшақтың сайын даласының жауынгерлері қашан именіп еді?! Мына сақалыма әлі ақ қырау түспей тұрғанда-ақ қолымды жау қанымен бояғанмын. Енді келіп, тағылардың зорлығына қалайша үнсіз көнбекпін? Бізде әлі де тұлпардан таршылық жоқ! Садағымыздағы үшкір жебелер де таусылған емес!»




