Облыстық мәслихат депутаты азаматтарды қабылдады
28 маусым күні облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Әсел Кажиахметқызы тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға Зашаған кентінің тұрғыны келді. Тұрғынның айтуы бойынша үй маңында кәріс құбырларының бұзылуы салдарынан туындаған жағымсыз иіс маза бермей жүргендігі белгілі болды. Бұл сұрақ бойынша жергілікті атқарушы органдарға өтініш жолданып, ешқандай нақты жауап берілмегенін айтты.Депутаттан бұл мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Әсел Кажиахметқызы аталған сұрақ бойынша Зашаған кентінің әкімдігіне депутаттық сауал жолданатындығын айтып, мәселенің бақылауда болатындығын айтты.Келесі болып мүгедек баласын тәрбиелеп отырған ата-ана жолықты. Ата-ананың айтуы бойынша жергілікті дәрігерлердің емдеу шараларын дұрыс қоймағандықтан қыздары 5 жыл бойы еш…
