Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Фракция жұмысының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары

Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жұмысының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Өзгерістер жолы: әр азаматқа арналған өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен Жол картасында белгіленген көрссеткіштердің орындалып жатырған жұмыстары жөнінде мемлекеттік органдармен бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында облысымыздың ішкі саясат, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар саясаты мәселелері басқармаларының басшылықтары өз баяндамаларымен депутаттарға есеп берген болатын.

Бірінші болып облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Калибеков Арман Талғатұлы өз баяндамасымен таныстырды. Баяндаушының сөзі бойынша жауапты сала бойынша өңіріміздегі медициналық мекемелердің күрделі жөндеу жұмыстары, инклюзивті оңалту орындарының ашылуы жөнінде кеңінен тоқталды.

Депутаттар тарапынан да сауалдар болы. Мысалы, баршаға белгілі короновриустық инфекцияның таралу себебінен барлық ресурс та, қызметкерлер де осы жаман аурумен әлі күнге дейін күресуін жалғастыруда, бірақ біздер басқа да аурулардың бар екендігін мойындауымыз керек. Онкологиялық ауруларды айтатын болсақ, халық бұл аурудың скринингтік емдеу шараларынан дер кезінде өтпегендіктен, ауруханаларға тым кеш, яғни соңғы стадиясында келіп жатады. Сол себептен, осы скринингтік шараларды халыққа кеңінен дәріптеуіміз керек, - деді, өңірлік денсаулық сақтау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде, Ирменов Камидолла.

Турсынова Ляна және Сәтбаев Нұрғазы медициналық мекемелерге, әсіресе ауылдық елді-мекендерге, қызметкерлердің жетіспеушілігі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектердің бағасының өсу қаупіне алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар саясаты мәселелері басқармаларының басшылары атқарылған ж/е алдағы уақытқа жоспарланған шаралармен депутаттық корпуспен бірігіп жұмыс атқаруға шақырды.

Жиынды қорытындылаған Мұрат Рахметұлы, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті мекемелерге және Үкіметке мемлекеттік органдар мен депутаттық корпустың атынан сауал жолданатынын жеткізді.

0
0
252

Осы тақырып бойынша