Теректі аудандық Бюро отырысы өтті
Бәрімізге мәлім, елімізде 2021 жылғы 25 мамыр күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес әкімдерді сайлауын енгізу туралы заңға қол қойды.

2021 жылғы 25 маусым күні Саяси кеңес Бюросының отырысында Теректі ауданының Ақжайық, Ақсуат, Подстепный, Приречный ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттік мерзімдері аяқталуына байланысты өткізілетін сайлауға партия атынан сайланатын кандидаттарды ұсыну бойынша аудандық партия филиалының кезектен тыс конференциясы шақырылу туралы қаулы шықты. Осыған байланысты 28-29 маусым күндері аудандық партия филиалының бастауыш партия ұйымдарында аудандық конференцияға делегаттар сайлау бойынша жиналыстар өткізілді.
1 шілде күні өткізілген Бюро отырысында ауыл әкімдігі қызметіне партия атынан сайланатын кандидаттар аудандық конференцияға ұсынылды.
