Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Ақжайық аудандық филиалдың кезектен тыс ХХVIII сайлау конференциясы өтті

2021 жылдың 01 шілде күні «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII сайлау конференциясы офлайн форматында өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы төрағалық етті. Күн тәртібінде Ақжайық ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Бударин, Сарытоғай, Тайпақ ауылдық округтеріндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.

Конференцияның ҚАУЛЫСЫ:

1. Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Мусағалиев Шоқан Рақымұлы - Бударин ауылдық округінің әкімі, 2002 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;

2. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Әлжан Абзал Жәрдемұлы – Сарытоғай ауылдық округінің әкімі, 2004 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;

3. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Шаленов Болат Байғалиұлы - Тайпақ ауылдық округінің әкімі, 2004 жылдан партия мүшесі ұсынылсын.

1
0
173

Осы тақырып бойынша