Мазмұнға өту
yvision_user

Бақытжан Көпжасаров

@yvision_user

Сайтта 2012 ж. 1 маусымКазахстан, Усть-Каменогорск

...

рейтинг

100

жазбалар

40

пікірлер

55

тіркелуші

9

жазылымдар

21

Қысқы этюд-Зимний этюд

Қыстың кеші. Қапалақтап жауған ақшақарлар көше бойындағы фонарь шамдарының сәулесінен күміс түске боялады. Бетіңді жоғары көтерсең, жылуына еріп, жас болып ағады. Қайдасың махаббат...

Зимний тихий, теплый, безветренный вечер. Идет пушистый снег. Снежинки падая блестят серебряным светом от уличных фонарей. Откидываешь голову назад. Снежинки тают, становясь слезами. Ответьте снежинки, где же любовь?

0
0
441

Бөлеубай мен Женя. Соғысты өткерген әйел мен еркек. 71 жыл Ұлы Отан соғысы басталғанына

Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың құрметіне! Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін. -Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме? -Көрген жоқпыз. Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі. Қарын толтырған соң үйдің көлеңкесіне бет аласың. Женя апа жазда алаша тоқитын. Тоқылып жатқан алашаның бетінде біртіндеп өрнектері түсетін, соны қызықтайтынмын. Тоқыма сәл қараусыз қалса, керілген түрлі-түсті жіптердің арасынан өтетін арқау жіпті соға…

0
0
611

Әңгіме. Қас -қағым сәт

Күтпеген кезде, аяқ астынан, өмірге қауіп төніп тұрса, қауіптен құтылу үшін жасалатын әрекетті ойластыру үшін қанша уақыт қажет? Көптеген адамдар өлім мен өмірдің арасында қалғанда, таңқаларлық жылдамдықпен шешім қабылдап, дер кезде жасаған қимыл іс-әрекеттерінің нәтижесінде аман қалады. «Алдымда жол көріністері жылдамдығы баяулаған кино секілді алдымнан өтеді, рульді оңға-солға бұрамын, аман-есен қалудың амалын жасап көрудемін. Әйтеуір аман қалдық, шын мәнінде автокөлігімізді зырылдауықша айналдырып келеді ғой, қажет кезде автокөлігімді бұрып үлгердім, әйтпегенде төтесінен ауып түсіп дөңгелете берер еді, онда аман қалуымыз екі талай» деген қуанышпен айтылған сөздерді естігенмін. Бірақ адамдар бастарынан өткергенді баяндамас бұрын тыңдаушыларына күмән, күлкі, жеркеніш әкелетін тұстарын са…

0
0
1548

Менің атым -Бақытты адам

Адамға сипат бергенде, оның сырт пішінін, одан кейін мінезі сипатталады. Ауызша, жазбаша сипаты бәрібір адамды ашпайды. Сипаты жақсы, ұнамды деп тапқанның өзінде жақын танысқанда немесе бір көргенде өзінен теуіп тұратын адам болуы мүмкін. Әріптесім Сергей жайлы әңгіме етпекпін. Қай кезде болмасын көзі бір нүктеге қарап, қасындағы адамды байқамағандай көреді, менсінбей жаратпай отырған секілді. Студент кезінен сырттай білетінмін, жалғыз өзі сабақ соңында компьютер алдында қалып қоятын. Ап-арық, бойшаң, мүгедек арбасының орындығының дәл ортасында отыратын, екі жағына енді екі Сергей сыятындай орын қалатын. Содан бері жиырма жыл өтті. Мінекей, енді кабинет есіктеріміз бір-біріне қарама-қарсы орналасты. Түскі аспен Сергейдің кабинетінде тамақтанамыз. Асты төмеңгі қабаттағы асханадан аламыз. Б…

2
2
777

Ой қорыту жөнінде Шерлок Холмс не дейді?

Артур Конан Дойл «Қызыл қошқыл реңді этюд» (A Study in Scarlet) повесінен үзінді. Доктор Ватсот өзі байқамай Шерлок Холмстың жазған мақаласын газеттен өзіне дауыстап оқи бастайды:«Логикалық ойлау қабілеті бар адам» -деп жазады автор, -«бір судың тамшысына қарап Атлант мұхитының немесе Ниагар сарқырамасын ешқашан көзімен көрмесе де бар болуы мүмкіндігі туралы ой қорытады. Автор әрі қарай жазыпты: «Бүкіл тіршілік -бір-бірімен байланысқан өте ұзын себеп-салдар тізбегі. Табиғатты бір түйінінен танып білуге болады. Саралау арқылы шешім шығару да өнер. Кез-келген басқа өнерлерді танып білуге қажет ынтаны және көп еңбектенуді қажетсінеді. Бірақ өмір қысқа. Сондықтан бұл саланы бірде-бір тірі жан толық игере алмайды -деп оқуын тоқтатқан соң Шерлок Холмсқа газеттегі мақаланың күмәндылығын білдіред…

1
1
646

Көп күттірген бала

Танысу Жардың ең биік тұсынан кішкентай ер бала ілгері қадам жасап бара жатқанда бел тұсынан қысқан қолдардың қыспағында қалды: - Өлер, өлер едің ау,- деп әкесі алдында тұрған баласының көзіне тұп - турасынан қарап баласынан гөрі өзі шошынған күйі дүрс-дүрс қағып шошынған жүрегін басу үшін оны кеудесіне басты. Баланың көз алдында фотосурет болып кетпей қалған көрініс - жартастың астында жатқан қалашық. Жардан ілгері бір қадам жасаса ойыншық тәріздес үйлердің дөп үстінен жүріп кетеріне сенімді, көрер де еді, дер кезінде әкесі байқап қалғаны. Оқиға орыннан ес тыйған адам көкжиекке дейін көз жүгіртсе, бас-аяғы жолдармен кесілген жасыл даланы, әр жерден өрнек түзеген егістік алқаптарын, дәл ортасында орналасқан үлкен су қоймасын және оның арғы бетінде алақандай болып орын алған қалашықты көре…

1
1
1995

Күздегі жұлдыздардың ағымы

Жұлдыздардың шоқ болып аққан кезін бірінші рет кездейсоқ бақылағанмын. Таңғы 4-00 мөлшерінде аспанның шығыс бөлігінде бір жұлдыз соңынан екіншісі, минутына біреу немесе бірнешеуі жан-жаққа бір нүктеден ағып түсті. Біраздан соң түйсігің жер шарының кеңістікте зымырап ұшып бара жатқанын жаңғыртқанда «ух» -деп деміңді ішіңе тартасың. Фантастикалық киносындағыдай ғарыш кемесінің ғарышкерлер кабинасының алдыңғы терезесінен бақылап тұрғандайсың. Шын мәнінде де солай ғой. Жер ғаламшармен бірге жолаушы болып ғарышты кезіп барамыз… Деректерге келсек. Шілде айының ортасынан бастап бақылауға болатын құбылыс. Тамыз айының 12 түні 13 күннің шығысына дейін жұлдыздар ағымы шарықтау шегіне жетеді. Яғни осы кезде метеорлардың жер атмосферасына ену мөлшерінің саны көп болады. Метеориттер шамамен 61 км/сек…

1
0
831

Фантаст жазушылар көріпкелділігі

Фантаст жазушылар көріпкелділігі жөнінде жазылған материалдар жеткілікті. Қысқа әрі қызықты жазбалар деуге болады. Бірақ біреуінде де шығармаларынан үзінді келтірілмеген. Барлық дерлік олардың шығармаларын оқыған жоқ. Осындай оймен ең танымал фантаст жазушылар шығармаларын шолып шықтым. Көңілім Артур Кларка тоқтады. Артур Кларк фантаст жазушы геостационарлық жер серігі, интернет пайда болуын болжаған деседі. Оқи бастадым «2001: A Space Odyssey» (2001: Одиссея бір) үзінді, доктор Хейвуд Флойд айға ұшуға арналған шаттл ішінде айға сапар шегіп барады: «Ұшақ ішінде іші пысқан жоқ. Ресми баяндамаларды, протоколдарды, еске түсіруге арналған жазбаларын оқып жалыққан соң, газеттік планшетті кеменің ақпараттық желісіне қосып әлемнің ең ірі электрондық газет басылымдарын көре бастады. Олардың кодты…

5
1
1654

Кірпіш

Құрылыс соңында қабырға үстінде қалған кірпішке жан бітіпті. Күн көзіне көп жатқан соң, іші пысып, кітап оқымақшы болыпты. Сол кезде қайдан пайда болғаны белгісіз бір кітапқа көзі түсіп, қолына алып оқи бастайды. Біраз уақыт өткен соң кірпіш қайта-қайта бір сөздерді ішінен айтып қабырға бойымен әрі-бері жүгіре береді, жүгіре береді. Өзінің кірпіш екені енді ғана есіне түсті.
Сонда оқығаны «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар, қалан!» деген өлең жолдары. Жүгіріп жүргенінің себебі- құрылысшылар қабырғада кетік қалдырмай қалап кетенінде екен.

1
4
1537