Әйел тағдыры. Алтынай
Жұмыстан кешеуле шығып қалдым, қара күздің кеші. Түн басы. Аспанды қара бұлт басқан. Түстен кейін түйілгеннен кейін себездегені болмаса, ауырлап төңіп тұрғаны. Қала көшелерінің ығы, желден сақтағанымен күздің түнінің суығынан сақтамайды. Көшенің сол жақ бойымен биіктігі екі метр кірпіш қабырға созылады. Оң жағында ескі үйлер. Өскеменнің тар көшелеріңің бірі. Дәл машина жүретін жол шетімен жүргенің. Машина жүргізушілеріне сенесің, алдыңнан тура шықса қашарыңа жер жоқ. Оның үстіне бүкіл көшенің үш жерінде басында, аяғында, орта шеті жарықтандырылған. Жарық деген аты, сарғайып тұрған шырақтар. Жұмыс бабы болмаса, немесе жағдай келмей арзандау пәтер демесе өзіме тұрғылықты пәтерім бұл маңайдан жалдамас едім. Осы маңайдың үйлерінің ауласын күндіз қиып өткенде де онша ұнатпайтынмын, жаң-жағынды…