Айзек Азимов. Академия. «Академия» негізінің қалануы
Айзек Азимов өзінің ғылыми-фантастикалық шығармаларымен әлемге танымал. Көптеген шығармаларының бірі Айзектің «Академия» атауымен белгілі ғылыми-фантастикалық романдарының жинағына енетін «Академия негізінің қалануы». Саяси сипаттағы ғылыми –фантастикалық роман. Романдағы оқиғалар желісі Галактикадағы цивилизациялардың өзара саяси қатынастары төңірегінде өрбиді. Жазушы «Үлкен саясат» құралдары Галактикадағы цивилизациялар, яғни, космостық кеңістігіндей үлкен аймақта қалай жұмыс істейтінін көрсеткен.Романдағы оқиға басы. Біздің Галактикадағы барлық цивилизациялар бір-бірімен қатынас жасап, үлкен галактикалық Империя құрған. Империя астанасы -Трентор ғаламшары. Онда Император атынан империяны басқаратын Галактикалық кеңесі өз жұмысын жүргізеді. Гэри Селдон психотарихшы, танымал ғалым (психо…
