ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін мекен
Расында оқу орны,университет қалашығы,мұндағы студенттердің жалындап тұрған энергиясы адамды бірден баурап алады.Ең алғаш университет табалдырығын аттаған кезден-ақ дұрыс таңдау жасағанымды түсіндім. Оқуға түсерде де,түскеннен кейінде арман болған ҚазУҰ-ым жайлы көп іздендім.
Алматының орталығынан бой көтерген бұл қара шаңырақтың іргетасы 1934 жылы қаланды.Бүгінгі таңда ЖОО-да 20000-нан аса студент білім алуда.Он алты факультеттен тұратын университетте 3000-нан аса профессор-оқытушылар дәріс береді.
Қазақстан бойынша танымал болып кеткен,атақты «КазГУград» қалашығының сұлулығы көздің жауын алады,әрі мұнда студенттерге барлық жағдай жасалған.Ө.Жолдасбеков атындағы 1600орындық студенттер сарайы,ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен көлемдегі «Әл-Фараби» кітапханасы,спорткешені мен стадионы,жаңа ғимараттар,әскери кафедра,технопарк,бірнеше студенттер үйі,медициналық орталық және «Керемет» студенттерге көмек көрсету орталығы,студенттер игілі үшін қызмет жасап отыр.
Студенттер сарайында өнерлі,талантты студенттерге арналған студеттер клубы жұмыс жасайды.Студенттер клубының көшбасшылары талай халықаралық,республикалық байқаулардың жеңімпаздары.Соның бір әрі бірегейі «Бақыт»би ансамбльін ерекше атап көрсетуге болады.
Университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде, «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Анала тілі аруы-Жігіт сұлтаны»,КВН, «Студенттік көктем», «Мисс ҚазҰУ» секілді байқаулар жоғары деңгейде өткізіледі.
Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі уақытта университеттегі барлық мерекелік іс-шаралар тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді.
2017 жылы 1 желтоқсанда – елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Осы орайда елбасымыз Н.Назарбаев «Ғаламторға телмірген заманда ІТ технологияны мемлекет барынша қолдап қарапайым халыққа ілгері дамыған бағдарламаларды үйрету қажет» деген болатын. Бүгінде цифрландыру жүйесі білім ордаларында қалыптаса бастап, ақпараттық технологияларды игеру және оларды дамыту білім саласының басты бағыттарына айналды. Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сандық технологияларды қолдануды барынша қолға алған, және білім берудің цифрлік стратегиясын меңгеріп жатыр. Бұл стратегияның аты «Al-Farabi university - smart city» деп аталады. Бұл стратегияның басты мақсаты жаңа технологияларды жиі қолдану арқылы мұғалімдермен студенттердің цифрлік мәдениетін өзгерту.
Міне бүгінгі таңда осы жасалып жатқан үлкен істердің нәтижесін,біз өз көзімен көріп жүрміз.ҚазҰУ-да оқимын деген әр студентке барлық жағдай жасалған.2019 жылы осы бір керемет білім ордасының студенті атандым,сөзбен естіген дүниемнің бәрін көзбен көріп, осы университтеттің студенті болғаныма әр таң сайын шүкіршілік етемін.
Әрине қазіргі таңда,мына әлемде болып жатқан жағдайға байланысты «қашықтықтан»білім алудамыз.Дегенмен ҚазҰУ өзінің мол мүмкіндіктерін тоқтапады. ҚазҰУ сандық технологияларды қолдануда жоғары нәтижелерге жеткендігін,осы тұста дәлелді.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені.ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын. ҚазҰУ-ды мәңгі жүрегімде сақтаймын!
