Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ баспасөзі-ұлт жанашырларының ұлы арманы

Алаш ғұламалары халықтың рухани бостандығын, сана сілкінісін баспасөз ғана оятатынына сенді.Сондықтан да кезінде М.Жұмабаев өзінің сана оятар рухани қазына жолына жастарды:«Жастар! Алда жүрген, Алаш жолында аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өнеге алыңдар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойлаңдар. Күнді - түн, жақынды - жат, пайданы - зиян деп жүрген, толық саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!» дейді де өзінің атақты «Жастарға!» деген өлеңін басқан.

Осы мақсатта жазылған М.Жұмабаевтың «Жастарға!» деген өлеңі сол замандағы қазақ жастарының ел жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама десе болғандай. Зерттеуші Д. Қамзабекұлының көрсетуі бойынша «Жас азамат» газетін бастырушы - «Алаш серіктестігі» деген қоғамдық ұйым, редакторы № 1 - № 11 Қошмұхамед Кемеңгерұлы, № 12 - № 16 Біләл Малдыбайұлы, № 17 - №22 Қошмұхамед Кемеңгерұлы болған . «Жас азаматтың» осы санында Алаш партиясы атынан «Алаш азаматтарына!» деген тақырыппен ашық хат басылған. Қазақ халқының тұңғыш және бірден бір саяси ұйымының басшылары жастарға үндеу тастайды. «Алаш Орда тігілді, ақ ту көтерілді. Енді әркім шамасына қарай ұлтына қызмет қылуы тиіс» деген тарихи міндет алға тартылады. «Жастар! Атқа мін! Басқа жұрт көрсін!» деген ұранның құдіретті қуатын дәл қазір көзге елестетіп көрейікші.

Қазақ жастары баспасөзінің өткен жолына қатысты қалыптасқан ой тұжырымдар қазақ журналистикасының тарихына арналған зерттеулер мен оқулықтарда үзік үзік кездеседі.Мұндай туындылардың авторлары алдарына жастар басылымдарының тарихын зерттеуді мақсат етіп қоймағандықтан олардың төл шежіресі толымды түрде ашылмай келеді.

Қазақ жастар баспасөзінің тарихын зерттеуге алғаш ден қойғандар ұлт зиялыларының арасынан М.Дулатов,С.Сәдуақасов,М.Әуезовті айтамыз.М.Дулатовтың «Еңбекші қазақ» газетіне жариялаған «Баспасөзіміз не күйде» атты мақаласында «Қазақстанда шығатын газет журналдапдың арасынан жастардың «Өртең» газетін атап,жалпы баспасөзді дамытудың әдіс амалдарын көтерсе,С.Сәдуақасов өзінің ғылыми публицистикалық «Жастарға жаңа жол»деп аталатын еңбегңнде Қазақ төңкерісіне дейін жастардың «Бірлік» жазба журналын шығарғандығы жөнінде мәліметтер келтіреді. Ал 1926ж 10 мамырда өлкелік партия комитетінің жаңадан құрылған баспасөз бөлімінің меңгерушісі болып Т.Рысқұлов тағайындалғанан бастап Қазақ баспасөззінің бірқатар мақаладары жастар баспасына арналып отырды.

Міне қарап отырсақ қай заманда болмасын жастарға деген үміт пен сенім жоғары болған.Сондықтан біз де сол артылған үміттерді ақтаумыз керек...

0
0
496

Осы тақырып бойынша

Қазақ баспасөзі-ұлт жанашырларының ұлы арманы - Yvision.kz