Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамырдың ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Фото алынды akorda.kz

0
0
269

Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынамын - Тоқаев

«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», - деді Тоқаев.

Еске салайық, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. Сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
305

Алматыда алаяқтық топ басшысы ұсталды

«Бұл азамат адамдарға қоңырау шалып, өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, біреу олардың атынан онлайн несие алуға тырысып жатқанын айтатын болған. Егер жәбірленуші бұл айтқанға сенсе, онда қоңырау шалушы жинақ ақшаны "резервтік шотқа" аударуды ұсынған, осылайша қылмыскер басқа адамдардың ақшасына қол жеткізіп, сол ақшамен күн көріп отырған. Азамат К. шоттағы ақшаларды картаға аударатын адамдарды тауып, олар келіскен жағдайда қомақты сыйақы беріп отырған. Тінту барысында күдіктіден екінші деңгейдегі түрлі банктердің 157 карточкасы тәркіленді. Біз олардың иелерін, сондай-ақ олардың алаяқтыққа қатыстылығын анықтаймыз», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары полковник Берік Әбілбеков.Онымен бірге жалдамалы пәтерде Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан ке…

0
0
237

Қаңтар оқиғалары: Алматыда көлігі бүлінгендерге 258 миллион теңге төленді

Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түскені хабарланды. Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу тетігіне сәйкес жалпы сомасы 258 миллион теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды (Алмалы ауданы - 33, Әуезов ауданы - 9, Түрксіб ауданы - 12).«Аудан әкімдіктерінің қарауында бүлінген және жанып кеткен автокөліктер жөнінде тағы 45 өтінім бар (Бостандық ауданы - 40, Медеу ауданы - 5). Олар бойынша төлемдерді биыл 15 мамырға дейінгі мерзімде жүргізу жоспарланып отыр. Қосымша өтінімдердің түсуіне қарай Алматының аудандық әкімдіктері осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады», - деді әкімдік өкілдері.Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бас…

0
0
316

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген.

Еңбек өтілін 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінде зерттеуші-тағылымгер ретінде бастаған.

2003-2016 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің аспиранты, жауапты хатшы, бас редактор, "Диалог" Еуразия-Қазақстан" журналының бас координаторы, Қазақстан Жазушылар одағының "Қаламгер" журналының бас координаторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

Мәлік Отарбаев 2018 жылы қарашада Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған.

Фото алынды total.kz

0
0
285

«Сергекте» жаңа функция қосылды: Алматыда бір тәулікте 12 миллион теңге айыппұл жазылған

«Жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланатын, автокөліктерге арнайы сигнал беру құрылғыларын орнататын көлік құралдарының жүргізушілерін, сондай-ақ мас күйінде көлікті басқаратын адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр», - деді полиция өкілдері.Мысалы, кейінгі тәуліктің өзінде «Қорғау Сергек» бағдарламасы арқылы жалған нөмірмен жүрген 11 автокөлік анықталған. Олар бір тәулікте 790 рет ереже бұзған. Жалпы, 12 миллион 680 теңге айыппұл салынған.Оның ішінде 1992 жылы туған А. есімді ер адам ұсталған. Ол жол ережесін 92 рет бұзған. Жалпы, 1 миллион 541 мың теңге айыппұл салынды.«Жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін 171 көлік құралы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кейінгі тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауыс…

0
0
308

Антикор Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді

Өткен жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың ұсталғаны хабарланған болатын. Ол 22 желтоқсанда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, содан бері тергеу туралы ештеңе белгісіз.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл іс әлі тексеріліп жатқанын хабарлады.«Агенттік Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.К. Хаменоваға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында қомақты мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта Хаменова қамауда отыр», - деді ведомство.Ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге ​​жатпайтынын атап өтті.Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбас…

0
0
241