Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қаңтар оқиғалары: Алматыда көлігі бүлінгендерге 258 миллион теңге төленді

Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түскені хабарланды. Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу тетігіне сәйкес жалпы сомасы 258 миллион теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды (Алмалы ауданы - 33, Әуезов ауданы - 9, Түрксіб ауданы - 12).

«Аудан әкімдіктерінің қарауында бүлінген және жанып кеткен автокөліктер жөнінде тағы 45 өтінім бар (Бостандық ауданы - 40, Медеу ауданы - 5). Олар бойынша төлемдерді биыл 15 мамырға дейінгі мерзімде жүргізу жоспарланып отыр. Қосымша өтінімдердің түсуіне қарай Алматының аудандық әкімдіктері осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады», - деді әкімдік өкілдері.

Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзім белгіленеді және зардап шегушінің өзі таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Бағалау бойынша шығыстарды жүргізу аудандық әкімдіктер тұлғасындағы мемлекеттік органдарға жүктелген.

0
0
317

Осы тақырып бойынша

Қаңтар оқиғалары: Алматыда көлігі бүлінгендерге 258 миллион теңге төленді - Yvision.kz