Мазмұнға өту
userfacebook1296676367361584

Қызылорда қалалық филиалы

@userfacebook1296676367361584

Сайтта 2020 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

69

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылымдар

8

«Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті

Қаламыздағы Этностар арасындағы келісім мен татулықты нығайту ісі - әрбір партия алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі.

Осы орайда «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» атты тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен дөнгелек стол басында кездесу өтті.

Кездесуде қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әкбарұлы қазіргі уақыттағы ең басты мәселе ұлтаралық келісім мен халықтар достығы екенін тілге тиек етті. Сөз бен істің үйлесімділігі бар жерде береке орнайтыны айтылды. Басқосуда ұлтаралық татулықтың қадірін бағалай білу бақытқа бастайтыны, сол үшін өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтудың мән-маңызы айрықша екені баяндалды. Жиын барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері де өз ойларын ортаға салды.

0
0
285

«Бизнес бастау» жобасы бойынша Қызылорда жастарына кәсіптің қыр-сыры таныстырылды

Қызылорда қаласында орналасқан «Далатекс» компаниясының директоры Дінмұхаммед Абызовпен қаланың белсенді жастары кездесті. Кездесу барысында жастар тігіншілердің қызу тірлігіне шолу жасап, әртүрлі тапсырыстарды дайындау процесіне куә болды. Компания басшысы фабриканың қалыптасу кезеңі мен аталған кәсіп түріне келу тарихын баяндап, ғимарат ішіндегі тігін саласына қатысты шеберхана жетістігі бейнеленген көрмесін көрсетті.«Бүгінгі жастар түрлі бағытта білім алулары тиіс. Заман талабы солай. Бір саламен шектелмегені жөн. «Талаптыға нұр жауар» демекші, жеке кәсіпті ашып оны жүргізудің жолдарымен танысуға ниеттенген жастардың әрекеттеріне қуандым. Әсіресе, олардың отандық өнімге қолдау білдіргендеріне және тігін бағытына деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіремін. Әркез жастар үшін білгенімді,…

0
0
245

«Ауыл – ел бесігі» атауымен ауылдық округ жастарымен кездесу өтті

Қызылорда қаласына қарасты ауыл жастарымен кездесудегі басты мақсат –ондағы жастардың қоғамдық ортада белсенділік танытып, түрлі бастамаларына қолдау білдіру.«Жастар – Отанға» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мүшелерімен өткізілген кездесу барысында бүгінде ел жастарына мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер айтылып, олардың тиімділігі жеткізілді.Мәселен, «Дипломмен ауылға» үкіметтік бағдарламасы арқылы жастар арасындағы жұмыссыздықтың белең алуына тосқауыл болып, оның алдын алуға бағытталғаны да кеңірек айтылды. Сондай-ақ, ондағы түрлі саланың және ауыл тіршілігінің жандауына жастар тарапынан белсенділік таныту керектігі де сарапқа салынды.Жиын сонында түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына өзіндік үлестерін қосуға ниет еткен жастар өз ұсыныс…

0
0
161

Қоғамдық көліктерде мониторинг жұмыстары жүргізілді

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсарту негізінде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің қол жетімділігі мен сапасын назарға алды.Мониторинг жұмыстары кезінде қаладағы қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-кіруіне қажетті техникалық жабдықпен қамтамасыз етілуі және олардың сапалы қызмет жасауы тексерілді. Қоғамдық көлік тасымалдаушылары тарапынан қызмет көрсету деңгейі де бақылау жұмыстарына бағытталды.Айта кетейік, жақында қала тұрғындарына қоғамдық көліктерге деген сұраныстарын қанағаттандырып, жолаушыларға тиесілі мүмкіндіктіктермен толық қамтамасыз ету мақсатында үлкен сыйымдылықтағы автобустардың қатары толыққан бо…

0
0
180