«Ауыл – ел бесігі» атауымен ауылдық округ жастарымен кездесу өтті
Қызылорда қаласына қарасты ауыл жастарымен кездесудегі басты мақсат –ондағы жастардың қоғамдық ортада белсенділік танытып, түрлі бастамаларына қолдау білдіру.
«Жастар – Отанға» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мүшелерімен өткізілген кездесу барысында бүгінде ел жастарына мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер айтылып, олардың тиімділігі жеткізілді.
Мәселен, «Дипломмен ауылға» үкіметтік бағдарламасы арқылы жастар арасындағы жұмыссыздықтың белең алуына тосқауыл болып, оның алдын алуға бағытталғаны да кеңірек айтылды. Сондай-ақ, ондағы түрлі саланың және ауыл тіршілігінің жандауына жастар тарапынан белсенділік таныту керектігі де сарапқа салынды.
Жиын сонында түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына өзіндік үлестерін қосуға ниет еткен жастар өз ұсыныстарын ортаға салып, әртүрлі бағыттағы пікірлерін де жеткізді.
