Мазмұнға өту
urimtal

Асхат Еркімбай

@urimtal

Сайтта 2008 ж. 6 қазанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

68

пікірлер

165

тіркелуші

76

жазылымдар

14

Ұлыбританиядағы оразам

Әділ Әбдірахман Рамазан айын Отаннан жырақта Ұлыбританияда өткеруде. Абердин Университетінде заңгер мамандығы бойынша ғылыми біліктілігін асырып жатқан өрелі азамат:

"Елде жүргенде жұмыста талай шұғыл тапсырмаларды орындаймын деп алаңдау мен сабырсыздыққа тап болатынмын. Кейде тіпті кеңседе отырып қолда бармен ауыз ашатын кездерім жиі болатын. Ал оқуда жүрсең өзіңе-өзің қожайынсың" дейді.

1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?

Алғашқы Оразаны шамамен 18 жасымда 2-курс студенті болып жүргенімде ұстадым. Соны ойлағанда алғаш рет рухани болмысымның иесі тек өзім ғана деген тұжырымға келгенім есіме түседі. «Неге?» дейсіз ғой.

0
0
633

Қасиетті Қадір түні

Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін. Түннің «Қадір түні» деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазатындығымен байл…

0
0
968

"Рамазан" сөзі нені білдіреді?

Имам Ғазали "Мукашафатул Кулуб" атты шығармасында "Рамазан" сөзінің түбірі «аррамдае» сөзінен шығатынын айтады. Бұл бір нəрседен ұзақ болу, алыстау, арылу мағынасына келеді. Яғни, Рамазан айында адамдар ашқұрсақ болу арқылы күнəларынан арылатындықтан, ауыз бекітіп құлшылық жасауды осылайша атаған. Вағаби атты ғұламаның жеткізуіне қарағанда, жаһилия дəуірінде адамдар аптап ыстық пен қақаған суықта ауыз бекітетіндіктен, осы атауды көбірек қолданған. Басқа дереккөздерге қарағанда «аррамдае» — бір нəрсені өртеу деген сөз. Яғни, ауыз бекітумен күнəлар өртеледі деген мағынаны білдіреді. Бірде Хақ Елшісі (с.а.у.) үзеңгілес серіктерімен әңгіме-дүкен құрып отырғанында бір бәдауи араб пен иуда дінін ұстанатын яһуди келіп, сәлем береді. Амандық-саулықтан соң әлгі яһуди: «Ұлы Жаратушы Рамазан айында…

0
2
1809

Дүниенің ең үлкен ауызашары

21 тамыз күні Стамбулдың Эсенлер ауданында құрылған 10 километрлік ауызашар дастарханына 41 120 адам жиналды.

Эсенлердегі ауызашарға тұрғындар өз үйлерінен тамақ әкелді және жергілікті әкімдік те ауызашар үшін азық-түлік бөлген.

Ресми мәліметтер бойынша Эсенлер әкімдігі 10 мың тонна палау, 8 тонна ет, 1500 табақ баклава, 100 мың бөтелке су, 45 мың стакан айран және 45 мың стакан жеміс сусынан таратқан.

Ораза тұтқан мұсылмандарға ауызашар дастарханында 2900 адам қызмет көрсетті.

Бұған дейін АҚШ-тың Вашингтон қаласында бір уақытта 16 250 адам жиналып ауыз ашқан еді. Гиннестер рекордтар кітабының сарапшылары арнайы тексерген соң, Түркиядағы бұл ауызашар "Дүниедегі ең үлкен ауызашар" деп танылмақ.

www.kezdesu.com және Түркияның ақпарат көздері бойынша әзірленді

0
0
744

Аршат Оразов: Айналамның бәрі - Ораза!

Аршат Оразов - қазақ интернетіндегі бірнеше ілкімді жобалардың авторы. Соңғы жобаларының бірі www.kezdesu.com деп аталады. Қазақ жастарының өз ара пікір алмасатын виртуалды алаңын әзірлеген Аршта Түркияда білім алған. Қасиетті Рамазан айында ол www.oraza.info-ның "Бес сауалына" жауап берген еді. 1.      Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Негізі еске түсетін нәрсе көп. Бірақ ең алдымен еске түсетіні Ораза сияқты. Иә, Ораза. Айналаның бәрі ораза еді, ТВ ораза, адамдар ораза, көше ораза, қоғамдық көлік ораза, яғни барлық жерден оразаның иісі шығады. Қазақстанда өкінішке орай әлі ештеңе сезілмейді. 2.      Егер ертең Оразаның алғашқы (немесе соңғы) күні болатын болса, бүгін не істер едің? Христиан мерекесі десек те негі…

0
0
1456

Ризықты табудың және кедейлікті жоюдың 10 жолы

1. Аллаһтан көбірек кешірім сұрау - ризықты көбейтудің ең ұлы жолы; "(Сондай ақ оларға): Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол өте жарылқаушы" дедім. "Ол сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді. Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады" (Нұх: 10-12). 2. Аллаһ жолында дүние жұмсау, яғни садақа беру. Көптеген адамдар садақа беру - мал-мүлікті азайтады деп ойлайды. Керісінше, ақша (дүние) Аллаһ үшін жұмсалса, ешқашан азаймайды, артады. "Зекет" деген сөз тазару, яғни "жамандықтардан" тазару дегенді білдіреді; "Аллаһ жолында мал сарп қылғандардың мысалы: әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Аллаһ кімге қаласа бірнеше есе арттыра береді. Аллаһ Тағала тым кең, әр нәрсені білуші" (әл-Бақара: 261) "...тиісті орынға…

0
0
1219

Алғашқы оразам... еріксіз күлкі сыйлайды

Ертай Нүсіпжановтың есімі қазақ журналистикасында "Аламан айтыс" тележобасымен қатар айтылады. Радио мен телевидение саласында бірнеше жыл қызмет еткен ол қазір Қытайдың "Солтүстік-Шығыс" университетінің магистратурасында білім алуда. Ертайды бес сауалдың қонағы болуға шақырып, Қытайда ораза ұстаудың қызықтарымен бөлісуін өтінген едік. - Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? - Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары халықта ораза, намаз туралы түсінік қазіргіден әлдеқайда таяз еді ғой. Ол кезде біздің ауылда ораза тұтқан адамға аңтарыла қарайтын. Себебі ораза тұту біз үшін расымен де бір жаңалық болатын. Мен де сол тұста, шамамен бесінші сынып оқып жүрген уағымда алғашқы оразамды тұтыппын. Бірақ сол шақты ойласам, қазір еріксіз күлемін. Өйткені ораза ту…

0
0
2354

Аллаһ Тағалаға қарай бір қадам аттаған болсаң...

Армандауға қорқатындарды жек көремін. «Өз алдыңа кішкентай мақсат қойма!» дегенді қаншама рет естідім. Адамдар бізге осыны айтқанда: «Шынымен де, көтере алмайтын шоқпарды беліме байлағалы жүргенім жоқ па? Әлде бұл айтылып жүргені жай сөз бе? Асылында солай болар…» деген ойдың жетегінде қаламыз. Мен де ұзақ уақыт бойы солай ойлап жүрдім. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) хадисін оқығаннан кейін барып, көзқарасым түбегейлі өзгерді. Пайғамбарымыз өз хадисінде дұға қылып, Аллаһтан жәннатты сұрағанда, абзалы жәннатың ең жоғарғысы – әл Фирдаус, әл А'ләны сұрау керектігін айтады. Яғни, Аллаһтың елшісі бұл жерде: «жеңіл мақсатқа ұмтылмаңыздар» дегенді меңзеп тұр. Университетте емтихан тапсырғанда қаншама рет өз-өзімізге «Тапсырсақ болды» дегенді армандап, нәтижесінде «жақсы» немесе «қанағаттанар…

0
2
1060

Рамазан айына 11 күн қалды!

Ораза ұстауға дайынсың ба? Ниетті осы бастан әзірлеген жөн деп білемін. Бұрынғылар жыл бойы оразаға ниет еткен екен.

Қазір Оразаға байланысты мәліметтерді бір жерге шоғырландырған арнайы www.oraza.info атты сайт жұмыс істеп тұр. Егер осы бір игі іске өзіңнің де алып қосарың болса, хабарлассаң болады.

Өткенде Астанада болдым. Жамағат жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Ғылымды "Болезни роста" деген ұғым бар. Біз де бірте-бірте соған келе жатқан сыңайлымыз. Әйтеуір бір қиындықтан соң, жеңілдік болатынына сенемін! Жұма қабыл болсын!

0
2
769