Құрдасыма арнап жазып отырмын
Негізі былай ғой. Қазір Рамазан айын. Саған ұнасын, ұнамасын мен - оразамын. Өзі аяқталуға да аз қалды. Не үшін ақталып отырғанымды да білмеймін. Негізі білемін. Себебі бұған дейін қазақшамызды жақтырмай қалғандар кезіккен. Дін десе де тулап қоя беретіндер бар. Момын адамды осылай қауып алады негізі.
АҚШ деген елде, Ларами деген қаладамын. Болмаған шығарсың. Қаланы айтамын. АҚШ-қа енді Аллаһ қалап, жолың түскен шығар. Сол. Қазір тегін барбикю болады дейді. Осылардың студенттерге тегін тамақ, заттар үлестіргеніне қайранмын. Ризамын дегенім ғой.
Аман бол! Аманшылық білдіріп қояын дегенмін, құрдас! Блог ашыпсың, соған қолдау білдірейін дегенмін ғой. Әйтпесе, мына шатпақты біреу оқи қояр дегенге илана алмай отырмын :)
