Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні
1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1983-1992 жылдардағы мүгедектер онжылдығының аяқталуына орай 3-желтоқсанды мүгедектер күні деп жариялады. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Өмірде сау бала мен сал баланы бөліп жаруға болмайды. Олардың барлығына бірдей көзқарас танытуымыз қажет. Тағдырдың маңдайға жазғаны сол болса одан ешкім қашып құтыла алмайды. Атаулы күні - тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тосырқап қараудың орнына, керісінше мейірім-шапағатпен қараған жөн болар.