Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай партияға салтанатты қабылдау өтті.

Іс-шара барысында Ұлытау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары барлық қатысушыларды алдағы Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, оларға партия билеттерін табыс етті.

1 желтоқсан күні еліміздің Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Мереке Тұңғыш Президенттің республика мен бүкіл халық алдындағы ерен еңбегін атап өту мақсатында бекітілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституциясын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Қазақстанды қазіргі демократиялық мемлекет ретінде таниды. Тұңғыш Президент - Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді қолдауға көп көңіл бөлді. Бұл тұрғыда Тұңғыш Президент күнін барша қазақстандықтардың бірлігі күні деп атауға болады.

0
0
153

Осы тақырып бойынша

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні - Yvision.kz