Астанадағы мешіттер
Аз уақыт бұрын астаналықтар жақын арада “Алланың гүлі” атты мешіттін ашылатыны туралы талқылаған еді. Діни ғимарат біруақытта 300 келушіні сыйдыра алады. Астанада мешіттердің құрылысы неліктен жалғасып жатқандығына байланысты көпшілік сұраққа қалған. ⠀ Астана қаласының тұрғындарының саны осы жылы 1 101 400 адамды құрайды, бұл көрсеткішке қарамастан қалада сегіз мешіт қызмет жасайды (салыстырар болсақ, Алматыда - 46, Шымкентте - 103). Көрнекілік үшін Қазақстандағы және Орталық Азиядағы көлемді мешіттердің бірі - Хазрет Сұлтан мешітінің сыйымдылығына байланысты инфографика берілген.