Тараздық жастар Құран сайысында бақ сынады.Қала имамы Қанат Әділханұлы үміткерлерге жарыстың барысын түсіндірді. Ол өз сөзінде: «Сендердің жақсыларың – Құран үйреніп және оны өзгеге үйреткендерің», - деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіне сай игілердің қатарында болуымыз үшін, Алланың қасиетті кәламы Құран кәрімді қадір тұту үшін осы жарыс ұйымдастырылып отыр. Жарыс 4 бағытта өтеді. Сайыс «Құранды мәнерлеп оқу», 4 номинация, яғни «Құранның кез келген жерінен ашып оқу», «Құранды мәнерлеп оқу», «бір параны жатқа оқу» және «жарты параны жатқа оқу» бойынша өтеді» деп атап шықты.