«Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы өтті
«Нұр Астана» орталық мешітінде дәстүрлі «Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған шараға қаламыздан әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы 100 отбасы шақырылып, әрқайсысына азық-түлік салынған қораптар таратылды. Жыл сайын өтетін акцияға орталық мешіттің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, келген әр отбасыға азық-түлік қораптарын үлестірді. Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы отбасыларға көңіл бөлу және қамқорлық көрсету. #удр #ципр #мечетьнурастана#нұрастанамешіті
