Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЭКСПО, Назарбаевтың ғана арманы емес!

Құр отырмай, ЭКСПО ны көк жәшіктен көрдім. Әсерлі сәтті, Ұлттық арнаның ұл-қыздары жақсы берді. Техникалық сүйемелдеуіне риза болдым. Шетел бопты, еврокоптер мен дрондар көшеде толып жүрді. Иін тірескен адамдар. Қош, қысқасы ойдағыдай өткендей болды. Айтпақшы, өткендегі «диван» Батырлар осы көрменің не керегі бар? Құр шығын, елді қарызға батырды, деп байбалам салғандар, кеше алғаш болып мақтап жатты? Тым әлсізбіз? Бір нәрсеге көз жеткізбей жатып, не мақтаймыз, не жамандай жөнелеміз…

Бәрінен бұрын Назарбаевтың назарына разы болдым. Кәдімгі құда күткендей толқып, сағатына қарап, еркекше жүрді. Кім, не десе де, бұл Елбасының ғана емес, мұқым елдің арманы-мұраты, тіпті, ниеті… Әйтпесе, билет алуға кезекте тұрғандардың саны осыншама қисапсыз көп болмас еді…

Айтпақшы, мұндай көрмені ТМД елдері арасында біздің ел алғаш болып өткізіп отыр. Айтулы шараға әлемнің 115 мемлекеті мен 22 халықаралық ұйымы қатысады екен. Мұны Назарбаевтың өзі айтты.

* Жүзден астам сәулетті ғимарат

* ЭКСПО қалашығы

* Жаңа әуежай

* Жаңа темір жол вокзалы

ЭКСПО Батыс пен Шығысты, Адамзаттық өркениетті қиыстырып, бір – бірімен тоғыстыратын іргелі шара. Барлық жаңашылдық, оқу, білім мен технология, өмір сүрудің жаңа белестері осы ЭКСПО көрмесінің аясында шығып жатқан. Оған тарих куә. Оған адамзат өркениеті куә. Олай болса, тағы бір белесті бастама құтты болсын! Қазақ елінің мәртебесі өсе берсін!

Фото: Nur. kz тен

 
0
0
344

Осы тақырып бойынша

ЭКСПО, Назарбаевтың ғана арманы емес! - Yvision.kz